• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:27:20
Алматы
+35°

Алматыда 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихқа тағзым» атты концерт өтеді.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ұйымдастырады.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева, Еркін Шүкіманов, Нұржан Жанпейісов, Нұркен Әшіров, Батыржан Мықтыбаев, Қазақстанның мәдениет қайраткері Мұрат Абуғазы, сондай-ақ мәдениет саласының үздіктері мен республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетеді.

Концерт «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді.

Бағдарламада: Қапез Байғабылұлы, Қиса Көпжанұлы, Шаншар Белдібекұлы, Әбікен Хасанов, Әбді, Ықылас, Құрманғазы, Пішан Жәлмендеұлы, Сары Шолақұлы, Қаратамыр Оңғар, Шәкәрім Құдайберді, Кенен Әзірбаев, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Сүгір, Бейбіт Акош және Қорқыттың туындылары және халық күйлері мен әндері орындалады.

Өтетін орны: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік

филармониясының Үлкен залы (Қалдаяқов, 35)

Басталуы: сағат 19.00

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір