07 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Бұл әлемде Отан деген ұғымнан ұлы ұғым жоқ. Ал, ер азаматтар мен азаматшалар үшін Отан қорғаудан артық бақыт жоқ. Ұлы даланың ұлы ұрпақтарын Отан қорғау ұлы мерекесімен құттықтаймын. "Ормансыз Бұлбұл жетім, Отансыз ұрпақ жетім" деп атам қазақ бағы заманда - ақ Отан қадірін құт құлаққа құрыштай қортып құйып кетті емес пе?!
Тумыз биік, тұғырмыз берік, еліміз бейбіт, жерміз аман болсын!
Ұрпақтар Отанмыздың батыр да батыл, білімді де ғылымды, өнерлі де өнегелі өміршең азаматтарынан болып өсе берсін, Қазақ мемлекетінің абыройын әлем елдерінің алдында асқақта берсін!!
Бұл жай мереке емес. Бұл ұлы мереке, өте мәртебелі мереке, ұлы тәуелсіздік мерекесі. Қасиетті қазақ халқымыздың ғасырлар бойы күресіп, ғасылар бойы армандап, ұзақ аңсап қол жеткізген ең қымбат мерекесі. Біз бұл мерекені шынайы сезінуміз әрі шынайы қастерлеуміз, азаматтық арымызбен бағалмыз керек!!
Қасиетті Отанмызды көзіміздің қарашығындай қорғаумыз, аялаумыз керек. Бұл әрбір Қазақстан азаматының жан жүрегімен қабылдауға және атқаруға тиісті парызы. Ұлы Отан алдында өтеуге тиісті қарызы...
Оттан - оттан да ыстық. Отансыз адам тұл жетім. Біз өте тіл жеткісіз бақытты ұрпақпыз. Үйткені біздің ұлы Отанмыз бар. Бақытты халқымыз бар. Ұланғайыр жеріміз бар, сарқылмас байлығымыз бар. Жетілген елдің жеті таңбасы бар, жетелі ұрпақпыз. Салтымыз толық сақталған, дәстүрміз толық атқарылған, жеті атадан қанымыз бұзылмаған жер бетіндегі ең бақытты халықпыз!
Бүгінгі Отан қорғау, Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын! Ұлы той деп осыны айтады. Отанмыздың қадір қымбатын бағалай білейік. Отан құшағындағы әр атқан таңымыз бақытты!!
Тәуелсідікті алу қанша қиын болса, оны алып жүру одан да қиын, бәрінен қиыны оны мәңгілік сақтап қалу. "Отан үшін отқа түс күймейсің" деп Бауыржан батыр атамыз ұлы өсиетін бәрмізге қалтырып кетті емес пе!!
Ұлы мереке құтты болсын!!
Ұлы даланың ұлы ұрпақтары!!
Ұлы мемлекетте Отан қорғаудың алдыңғы шебінде қасқайып алда жүретін екі сарбаз бар.
Бірі – қолына қару алған батыр сарбаздар. Енді бірі – қолына қалам алған қас қаламгерлер. Олар мемелекеттің қос қанаты. Қара орман халқым бар . Ол – мемлекеттің лүп - лүп соғып тұрған жүрегі... Өсіп келе жатқан ұлы ұрпақ бар . Ол – елдің ертеңі, мемлекеттің келешегі.
Ұланғайыр жерміз бар. Ол – мемлекеттің сарқылмас байлығы... Берік берекеміз бар. Ол – ұлтымыздың қорғаны. Бай құдіретті тіліміз бар. Ол – ұлтымыздың абыройы, төрде гербіміз бар. Ол – мемлекетіміздің алтын қазығы, көкте жебіреген көк тумыз бар. Ол – мемлекетіміздің асқақ айбыны.
Отан құрғап шегара шебінде жүрген, қолына қару ұстаған, айбатты батыр сарбаздармыз бен қолына қалам ұстаған ұлт зиялылары аман болсын. Жалпы халқымыз аман болсын, ұрпақтармыз аман болсын. Бейбіт берекелі заман болсын!!! Ел тұтқасын ұстаған арлы, адал азматтармыз аман болсын!!!
Ақ басты аталармыз, ақ шылауышты аналамыз, ай маңдай арулармыз, бақытты балаларымыз аман болсын. Амандық бар жерде, еш жамандық болмайды.
Болат Бопайұлы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір