• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:14:44
Алматы
+12°

Орал қалалық соты сепаратистік әрекет бойынша қылмыстық кодекстің екі бабымен екі қала  тұрғынын қамауға алды.

"Араздықты қоздырғаны үшін" оларға  2000–7000 АЕК аралығында (6– 24 млн арасы) айыппұл салынады немесе сот 10 жылға дейін  бас бостандығынан айыру мүмкін. 

Тергеуді жұмысына 2023 жылдың 11 ақпанында чат–рулеткада болған әңгіме себеп болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Әңгімелесу барысында Орал қаласының тұрғыны Денис Рудный Орал қаласы – Ресейдің байырғы қаласы екенін айтып, қазақтілді қазақтарды "мамбеттер" деп атаған. 

Сонымен қатар,  Ресей Қазақстанға шабуыл жасаған жағдайда ресейліктерді қолдайтынын мәлімдеген. Видеода бір әйел адам да болған.  Екі күннен кейін полиция екеуін де ұстап, "Араздықты қоздыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.  

Кейіннен әлеуметтік желіде Денис Рудныйдың кешірім сұраған видеосы тарады. Видеода ол "кешіріңіздер, мен қазақ елімді жақсы көрем" деген болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір