• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:20:42
+12°

Алтын өндірісіне наразы Маралды ауылының халқы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке бейнеүндеу жолдады.

Олар бір ай бұрын өткізген қоғамдық тыңдауды "заңсыз" деп айыптап, хаттаманың күшін жоюды талап етті. Айтуларынша, кен өндіруге рұқсат сұрап отырған компания өкілдері жиналыста қойылған сұрақтарға жауап бере алмаған.

Сөз болып отырған 28 наурыздағы қоғамдық тыңдауда "ГРК Maralikha" кәсіпорын өкілдері фабрика жұмысы экологияға "зиян келтірмейтінін" айтқан. Халық ауыр техникалар шаруашылыққа жарамды жерлердің "қорыс–қопасын шығарды" деп кенді ашық әдіспен алуға наразылық білдірген.

Даниал Ахметов тұрғындарға жауап берген жоқ.

 

 

Дереккөз: Азаттық радиосы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір