• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 16:41:40
Алматы
+35°

Оралдағы қалалық мәдениет және демалыс саябағының жанында орналасқан гаражда жарылыс болды, деп хабарлайды Мой город басылымы. Аталған жарылыстан кейін 3 адам қаза тапты. 

Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жеткен. Өрттің салдарынан Абай даңғылынан Ихсанов көшесіне дейінгі Исатай-Махамбет көшесіндегі қозғалысты тоқтатуға тура келген.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 30 шаршы метр аумақ өртенді, ішінде ВАЗ-2121 жанған. Кейінірек өрт 42 шаршы метрлік жеке тұрғын үйдің шатырына жайылды. Гаражда өрт сөндірушілер үш мәйітті тауып, төрт оттегі цистернасын шығарды.

Өрт толық сөндірілді. Төтенше жағдайдың себептері мен залалын мамандар анықтауда. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір