• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қараша, 03:10:02
Алматы
+12°

Кәсіпкер және қоғам белсендісі Дамир Аманжолов қаңтар оқиғасына қатысқаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты. Ол бұл жайында Youtube желісіндегі Qamshyger жобасына берген сұхабатында мәлім етті.  

Дамир Аманжолов қаңтар оқиғасында адамдар мен коммерциялық нысандарды құтқаруға белсенді түрде қатысып, қалың жұртшылыққа танылған болатын. Осы оқиғадан кейін ол шеруге шыққандармен бірге ұзақ уақыт тергеуде болды.

"Тергеу уақытында жұмыс істемегендіктен, бизнесім тоқтап қалды. Мені үнемі жауап алуға шақыратын. Соның салдарынан суши мейрамханаларының желісі жабылып, компания ақша жоғалтты. Не істерімді білмей, абдырап қалдым" – деді Дамир Аманжолов. 

Кәсіпкердің айтуынша, қаңтардан кейін кейін көпшіліктің пікірі екіге жарылған. Біреулер оны қолдаса, біреулер билікке сатылған деп күдіктенген.

"Мені ҰҚК ға бірнеше рет шақырды, бірақ мен келісім бермедім. Сол арқылы бизнес–форумдар өткізуімізге кедергі келтіретінін жасырмаймын" – деді Дамир Аманжолов. 

Сондай–ақ ол Болат Әбілов, Мұхтар Жәкішев және Арманжан Байтасовпен қарым–қатынасына да тоқталды. Қазақтілді мамандардың жетіспеушілігі мен әскердегі "дедовщина" жайлы да айтты. Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір