17 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Төтенше жағдайлар қызметінің мәлімдеуінше, Жаңаөзендегі жарылыс салдарынан зартап шеккендер мен қаза тапқандар саны артқан. Үйінді астынан үш адамның мәйіті табылды.
"Жаңаөзендегі жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты. Мәйіттер үйінді астынан шығарылды",– деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Сонымен қатар, үйінді астынан екі әйел, бір ер адам мен бір бала тірідей табылған.
Еске сала кетейік, бүгін Жаңаөзенде он екі пәтерлі тұрғын үйде газ жарылып, қос қабатты тұрғын үйдің кіреберісі опырылған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір