• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:43:25
Алматы
+12°

Қоғам белсендісі, саясаткер Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында  үйінен полиция алып кеткенін хабарлады. Полиция оны 9 сәуірде Халықтық парламенттің сайлау нәтижелеріне қарсы ұйымдастырған митингі үшін 488 баппен айыптаған. 

Ал Астанада ұсталған жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау білдірген саясаткер Нұржан Әлтаевты сот "жұртты митингіге шақырып, бейбіт шаралар өткізу заңын бұзды" деген айыппен 15 күнге қамау туралы шешім шығарған. 

Нұржан Әлтаев әлеуметтік желіде видео жариялап, жұртты Астана қаласы Алматы аудандық полиция басқармасына шақырған еді.

Бұл басқармада энергетика министрлігі алдында ұсталған жаңаөзендіктердің бір тобы отырған. Әлтаевтың өзі де осы басқармаға келіп, ұсталған мұнайшылардың жағдайын білмек болған.

Сот саясаткердің бұл әрекетін "бейбіт митинг өткізу заңын бұзу" деп тапқан. Әлтаев апелляциялық шағым түсірмек. Мұхтар Тайжанға қатысты ресми ақпарат әзірге жарияланбады. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір