09 Сәуір, 2023 NEWS
Фото: qamshy.kz
Алматыда өткен митингіде Рысбек Сәрсенбайұлы қорытындылап, Халықтық парламенттің қарарын оқыды.
"Біз бүгін Бас прокуратураның заңсыз ескертпесіне қарамастан митингіге жиналдық. Енді бүгін айтылған ұсыныстарды қорыта келе, арнай қарар қабылдаймыз. Қарар алдын ала дайындалған жоқ. Негізі алаңды қоршап, митинг өткізуді тоқтатып тастайды деп ойладық. Алайда ештеңеден қорықпастан митингіге келгендерге алғыс айтқым келеді", деді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Сондай-ақ митинг соңында Халықтық парламенттің қарарын оқыды:
- ҚР Парламент Мәжілісінің сайлауы заңсыз деп танылсын
- Қазіргі Тоқаевтың басқарып отырған Парламенті легитимді емес деп саналсын
- Қазіргі заңды жолмен сайланбаған "Аманат" және басқа партиялардан құралған Смайыловтың Үкіметі – ешқандай сын көрмейтін әлжуаз үкімет. Сол себепті оларға сенімсіздік білдірілсін.
- Тәуелсіздік алаңы қантөгістің емес бейбіт митингілерге арналған алаң болсын. Алматы қалалық маслихаты бұған дейінгі шешімдеріне өзгерту енгізілсін.
"ҚР іштен де сырттан да қауіп төніп тұр. Еліміздегі сеператизмнің қандай да бір түріне қатаң тыйым салынсын. Сепаратистерді қамау керек. Ал сепаратистерге қарсы күресіп, ұлтшылдықты насихаттап жүрген саяси тұтқындар босатылсын", – деді ол.
Рысбек Сәрсенбайұлы Халықтық парламенттің жиындарына қатысушылардың саны алдағы уақытта артатынын сенімді.
"Қорқатын ештеңе жоқ. Бұған дейін де жиын өткіздік. Алайда қазір 2 есе көппіз. Бұдан кейінгі жиындарда да көбейетін боламыз. Біз бұған сенеміз. Биліктен қорықпаймыз! Конституция жасасыз! Әділдік жасасын! Заңдылық жасасын!", деп митингіні қорытындылады Рысбек Сәрсенбайұлы.
Митинг соңында қатысушылар әнұран айтып, бірге фотоға түсті. Шеру барысында заңбұзушылықтар орын алған жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір