• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 11:43:35
+12°

Канада билігі жасанды интеллект негізінде ChatGPT чат ботын жасаған OpenAI компаниясына қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

OpenAI компаниясына қолданушылардың жеке ақпаратын рұқсатсыз жинап, пайдаланды және жария етті деген шағым түскен. Канада билігі шағым түскеннен кейін тергеу жұмыстарын бастады.

"Тергеу жүріп жатқандықтан, қосымша мәліметтерді жария ете алмаймыз", –  деп мәлімдеді департамент.

Бұған дейін жасанды интеллектті дамыту саласындағы мыңнан астам сарапшы барлық IT зертханаларын  GPT 4–тен асып түсетін жетілдірілген жүйелерді қолданысқа енгізуді тоқтатуға шақырып, ашық хатқа қол қойған болатын. қол қойғандар арасында Илон Маск, Стив Возняк пен Яан Таллинн де бар. 

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ChatGPT канада

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір