Фото: Ашық дереккөз
Бүгін Парламент мәжілісінің жалпы отырысы өтіп, жаңа депутаттар алғашқы сауалын жолдады.
Төменгі палатаның алғашқы отырысында Жарқынбек Амантайұлы Екібастұз қаласын жылумен қамтамасыз ету жөнінде депутаттық сауал жолдаса, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мәдениет саласында еңбек ететін қызметкерлерінің жалақысын көтеру керегін айтты.
Ал Нартай Аралбайұлы премьер–министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға қаңғыбас иттермен күресу шараларын қолға алу керегін айтты.
"Бүгінгі депутаттық сауалымыз адам өміріне қатысты бұқараның базынасы десем де болады. Елден хабар алғанда, кездескенде еститініміз – қаңғыбас иттен қорыққан ағайынның арызы. Олардың көзін жояйын десе, құзырлы органдар "жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңнан зәредей қорқады" – деді ол.
Ермұрат Бапи саяси тұтқындарға қатысты мәселе көтерген еді. Алайда Парламенттің алғашқы отырысында "Қаңтар қырғыны" жөнінде сөз қозғалмады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір