• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:37:22
Алматы
+12°

Петропавлда Халықтық жұмысшылар кеңесін құрып, Қазақстаннан бөлініп, "тәуелсіздігін" жариялаған белсенділердің кешірім сұраған видеосы пайда болды. 

Ұйым мүшелері желіде шу шығарған видеоны таратқан "Бәсе" каналы мен Мұхтар Әблязовті жала жапты деп айыптады. Олардың айтуынша, видеода Қазақстаннан емес жемқор шенеуніктер мен олигархтардан тәуелсіздік алу керегін айтқысы келген. 

"Өкінішке қарай, Қазақстанда олигархтар мен жемқор шенеуніктерден құралған корпоративті бөлік бар. Халықтық жұмысшылар кеңесі ретінде осындай бөліктерден тәуелсіздігімізді, автономиямыз бен егемендігімізді жарияладық. Құрметті Қасым Жомарт Тоқайұлы, біз сансыз жемқор шенеунік сыртқа тасыған халық байлығын мемлекетке қайтару туралы жолдауларыңызды қолдадық. Сол үшін біріктік"– деді ұйым өкілдері. 

Сонымен қатар, олар бұл ел ішінде алауыздық тудыру үшін әдейі жасалған арандатушылық екенін хабарлады.  

Осы оқиғаға бойынша СҚО полициясы мен ҰҚК тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ZHEST_KZ|21+??? (@zhest_kz)

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сепаратис петропавл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір