• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:36:34
Алматы
+12°

Кеше Мәжіліс депутаттарының ант беру рәсімі өтті. Мәжіліс жиынынан кейін сайлауда жеңіліс тапқан Санжар Боқаев Мұхтар Тайжанның Youtube арнасына сұхбат беріп, биліктің сайлау өткізудегі мотиві мен жеңген депутаттар жайлы пікірін білдірді.  

"Олар – шынайы сайланған емес, тағайындалған депутаттар. Жоғарыдан түсетін тезистерді ғана күтіп отыратындықтан, олардың өз пікірін айтуға мұршасы да, құқы да жоқ сияқты болып қалды" – деді ол.

Сонымен қатар Санжар Боқаев сайлауды өткізбей-ақ қою керегін айтты.  

"15–20 адам ауысқаннан мағына өзгермеді. Сайлауды өткізбей–ақ, бұрынғы депутаттарды қалдыра салу керек еді. Ал біз болсақ республикалық бюджеттен 25 млрд теңгені шашып тастадық. Нәтижесінде халық қалаған кандидаттарын депутат ете алмады, тәуелсіз мәжіліс құрылмады" – деп мәлімдеді ол.

Санжар Боқаев сайлау нәтижесін саралай келе, биліктің өзіне сенімсіздік тудырып, халық "Жаңа Қазақстанның" өтірік екенін түсіне бастағанын хабарлады. Сондай–ақ өткен сайлауға халықтың ренжитін жөні бар екенін айтып, мұндай жиналып қалған реніштердің түбі сыртқа шығатынын айтты. 

"Заңға қараған ешкім жоқ, бәрі ойына келгенін істеді. Мұны билік әдейі жасап отырғанын байқадым. Билікке саяси мәдениеті жоғары қоғам қажет емес. "Сайлау институтына сенімсіздік арттырсақ, келесі сайлауға одан да аз адам келеді. Ал нәтижесін өзіміз–ақ шешетін боламыз" деген саяси технология сияқты" – деп күдіктенді ол.

Түске дейін болған заңбұзушылықты түстен кейін-ақ тоқтатып тастауға болатынын айтқан Санжар Боқаев билік қағам даусының ештеңе шешпейтінін көрсеткісі келгенін айтып қалды. 

"Біз Тоқаевтың не Қошановтың орнын алу үшін емес, жиған білімізді елімізге жарату үшін сайлауға түстік. Мақсатымыз – халықты алаңға шығарып, үлкен қақтығыс жасау емес. Билік кішкентай бала сияқты. Өзі жасаған қателіктерін қалай жасырарын білмей отыр. Олар бізден емес артымыздағы халықтан қорқады"–  деді Санжар Боқаев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: боқаев тайжан сайлау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір