• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:19:44
+12°

НАТО Путиннің Беларусь елінде тактикалық ядролық қаруды орналастыру туралы қабылдаған шешімін айыптады, деп жазады BBC. Ал АҚШ Ресейдің ядролық қару қолдануға дайындық жасап жатырғанына сенбейтінін  мәлімдеді. 

Путин мәлімдемесінен кейін Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шұғыл жиын өткізуге шақырған болатын. Украина билігі "бұл қадам ядролық қаруды таратпау туралы келісімдерге қайшы келеді", дейді. Алайда Путин болса өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. 

Бұдан бөлек, Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл Беларусь Путинмен келісімнен бас тартпаса, санкция салынуы мүмкін екенін ескертті.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Путиннің  мәлімдемесін Беларусьтегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін жасалған әрекет деп бағалады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір