• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Сәуір, 01:31:40
Алматы
+35°

2023 жылдың 15 наурызында Aлматы менеджмент университетінде «Techno Women Central Asia: Өзіңе сен!» атты IT саласындағы әйел кәсіпкерлердің ең өзекті мәселелерін талқылауға арналған форум өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан танымал және табысты әйелдер қатысты. 

Іс-шараның соңында «Университеттер және технологиялық бизнес: тиімді өзара іс-қимыл практикасы» тақырыбында жабық дөңгелек үстелі өтті.

«Бүгін біз сарапшыларды ерекше қызығушылықпен тыңдадық, жас кәсіпкерлердің жетістіктері туралы әңгімелерден шабыт алдық. Сондай-ақ әйелдер биікті бағындыру үшін қаншама идеяны жүзеге асыруға дайын екеніне куә болдық. Оларды сәл ғана демеп жіберсек, алатын асулары аз емес. Алайда әйелдердің түпсанасын өзгертіп, шын мәнінде биік қамалдарды алу үшін қыздарға өз-өзіне сенімді болуды үйретіп, тәрбиелеуіміз өте маңызды. Оларды IT технологиялары туралы заманауи біліммен қамтамасыз етуіміз қажет. Ал бұл мәселені шешу үшін еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату біз үшін маңызды. Бұл барлығымызға ортақ іс, сол себепті бірігіп осы мәселелерді талқылай білу де маңызды», - дейді Techno Women қауымдастығының президенті Азиза Шужеева.

 «Қоғамдық бірлестіктер мен академиялық қоғамдастық өкілдері, медиа және басқа да мүдделі тараптардың бірігуі арқылы әйелдердің мәселесін шеше аламыз. Олардың таланты, шығармашылығы мен энергиясы еліміздің және бүкіл өңіріміздің игілігі үшін іске асырылуы тиіс», - деп AlmaU ректоры Гүлнар Күренкеева меморандум маңыздылығын ерекше атап өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Techno Women қауымдастығы Алматы Менеджмент Университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір