• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:36:02
Алматы
+12°

2017 жылы Нью-Йоркте бір топ адамды жүк көлігімен қағып кеткен өзбекстандық азамат Сайфулло Саиповке сот үкімі шықты. Сот оны өмір бойы бас бостандығынан айырып, мерзімінен ерте босап шығу құқығынан да айырды.

2017 жылғы шабуылдан 8 адам қаза тауып, 12 адам зардап шеккен болатын. Бұған дейін прокурор Сайфулло Саиповті өлім жазасына кесу керектігін айтқан. Алайда бұл шешім бойынша сот алқасы бір мәмілеге келе алмады. 

Сайфулло Саипов бұған дейінгі жауабында істеген ісіне өкінбейтінін, мұндай әрекетке баруына "Ислам мемлекет" экстремистік тобының бейнероликтері себеп болғанын айтқан еді. Сондай-ақ "Ислам мемлекет" аталған шабуылды өз мойнына алған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір