• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:43:23
Алматы
+12°

Италияның оңтүстігінде мигранттар мінген қайық суға кетіп, 59 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың қатарында жасқа толмаған сәби бар. Қайық апаты Калабрияның шығыс жағалауындағы  теңіз курорты Стеккато-Ди-Кутр маңында болған, деп жазады BBC

Қазір аталған аймақта бірнеше топ жасақталып, іздеу операциясы жүгізіліп жатыр. Құтқару жұмыстарының арқасында 80 адам құтқарылған. 59 адамның мәйіті табылған. 

Ресми дерек бойынша Иран, Ауғанстан, Сомали мен Пәкістаннан шыққан жүзге тарта босқын бір қайыққа мініп, Италия жағалауына тоқтамақ болған. Жағалауға жақындаған кезде теңізде дауыл тұрып, қайық суға батып кеткен. 

Италияның премьер-министрі Джорджия Мелони оқиғаны естігенде қатты қайғырғанын және мұндай апаттарға адам саудасымен айналысатын тараптар кінәлі екенін мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Италия мигранттар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір