• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:35:52
Алматы
+12°

Жасанды интеллектке негізделген ChatGPT боты "Қаңтар оқиғасына" жемқорлық пен адам құқығының бұзылуынан туған наразылық шеруі деген анықтама берді.

Қамшы тілшісі боттан «Қаңтар оқиғасы» туралы сұрағанда ол Жаңаөзен көтерілісі жайлы ақпарат шығарды. Сосын 2022 жылғы "Қаңтар оқиғасы" деп нақтылап жазғанда ChatGPT: "Ақпараттық базам 2021 жылға дейінгі оқиғаларды қамтиды, бірақ өткен жылы Қазақстанның әр аймағында жемқорлық пен адам құқығының тапталуына, саяси-экономикалық мәселелерге қарсы шеру болғанын білемін" деп жауап берді.

ChatGPT 2022 жылдың 30 қарашасында OpenAI компаниясы іске қосқан жасанды интеллект негізіндегі чат-бот. Ол қойылған сұраққа жауап беріп, диалог түрінде жұмыс істейді. Бот жүзге жуық тілде ақпарат ұсына алады. Алайда онын қазақ тіліндегі мәліметі шектеулі. Ал ағылшын тіліндегі нұсқасы әп-сәтте фильм сценариін, шығарма, мазмұндама жазып бере алады. 

OpenAI-ды 2015 жылы Илон Маск пен Сэм Альтман іске қосқан болатын. Оның негізі мақсаты – қарапайым адамдардың игілігіне қызмет ететін жасанды интеллект құру. Жобаға Microsoft 10 млрд доллар қаржы құйып, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін өнімдеріне енгізетінін жариялаған. 2023 жылғы ақпан айының басында Reuters агенттігі ботты қолданушылар саны 2 айда 100 млн адамды құрағанын хабарлады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ChatGPT

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір