14 Ақпан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы 2 айға ұзартылды. Бұл туралы Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"13 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін 2 айға ұзартты", - делінген хабарламада.
Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен мамыр айынан бері қамауда отыр. Ұлттық музейдің бұрынғы басшысына "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір