• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 18:47:37
Алматы
+12°

Ішкі істер министрлігі ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, құрастырылып, Қазақстан азаматтарына сатылған көліктерді де заңдастыру тетіктері әзірленіп жатқанын мәлім етті.

"ІІМ автокөліктерді заңдастыру процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешу үшін талдау жүргізуде. Атап айтқанда, заңдастыру процесінде көбіне басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктер анықталды, олар ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған. Аталған көліктер бойынша Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірледі. Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүргізілуде" делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру басталған алғашқы 20 күнінде 27 мыңға жуық көлік құралы тіркеуден өткен.  Тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстыруға және одан әрі тіркеуге жіберілген.

Бұған дейін ішкі істер министрлігі конструктор-көліктерді заңдастыру туралы мүлде сөз қозғалуы мүмкін еместігін, олар жол қозғалысына қауіп төндіретінін хабарлаған. ІІМ орынбасары Игорь Лепёха тіпті жиналған көліктерді бөлшектеп сатып жіберуге кеңес берген. Енді міне, министрлік өз ұстанымына кереғар шешім қабылдағанын жариялап отыр.

Қазіргі таңда шетелде есептен ресми шығарылмаған көліктер заңдастыру процедурасынан тыс қалып отыр. Олар көлігін әкелген елге барып, бұрынғы иесін тауып, есептен шығару тым қымбат екенін, үкімет бір жолға олардың да көлігін заңдастырып беруді сұрап жүр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір