13 Ақпан, 2023 NEWS
Көрнекі сурет
Талдықорған қалалық соты Қаңтар оқиғалары кезінде ұсталғандарды азаптады деп айыпталған бес полицейге үкім шығарды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Іс материалдарына сай, күдіктілер 6 қаңтарда облыстық полиция депарламенті ғимаратына шабуыл жасап, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлады деген күдікке ілінген 23 азаматқа физикалық, психологиялық күш көрсеткен.
Прокурор күдіктілердің бірін 5 жылға, екеуін 4 жылға, тағы екеуін 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Ақпараттық хабарламасында жәбірленушілер сотталушыларды кешіріп, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды сұрағаны айтылады.
Сот күдіктілердің кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өтегенін, кәмілет жасына толмаған балалары барын ескеріп күдіктілерді 3 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір