• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 17:40:09
Алматы
+12°

Қазақша мәзір сұраған қонақтарын "фашист, нацист" деп балағаттаған Алматыдағы "Динара" кафесі қызметкерінің әрекетінен полиция ешқандай қылмыс құрамын таппады.

Кафе администраторы болған жағдай үшін кешірім сұраумен шектеліп, мекеме жұмысын жалғастырып жатыр. Қазақша мәзір әлі жоқ. Айтуларынша, әзірленіп жатыр. Сонымен осы дауға да осылайша нүкте қойылатын сияқты.

Қазақстанда қазақтілді азаматтардың тұтынушылық құқығы жиі бұзылады. Көптеген қызмет көрсету орындары қазақша қызмет көрсетпейді. Меню, афиша орыс тілінде жазылады, әлеуметтік желідегі парақшалар орысша жүргізіледі. Түрлі ұйым құжаттарының қазақшасы жоқ. Қазақшасы болғанның өзінде ұғынықты емес. Өзіне түсінікті тілде қызмет көрсетуді сұрағандар әдетте дөрекі жауап алып, ауыр сөздер естиді. Қоғамдық тәртіп бұзды деп айыпталып, айыппұл арқалайды. Қылмыстық жауапкершіліке тартылғандар да бар.

Сондай жағдайлардың бірқатары төменде ұсынылып отыр.

ЖАРЫЛҚАП ҚАЛЫБАЙ – ҮМІТКЕР

2013 жылы журналист Жарылқап Қалыбай ұшақта қазақша қызмет көрсетуді талап етіп, SCAT әуекомпаниясы қызметкерімен дауласқан. Артынша, "бортсеріктерге дөрекілік танытып, олардың қызметіне кедергі келтірді, ұшуға қауіп төндірді, жолаушылардың мазасын алды" деген шағым бойынша "ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік жазаға тартылып, үш күнге қамалып шықты.

Оғыз Доғанды Fly Arystan-Air Astana әуекомпаниялары «қара тізімге  енгізген»: Тіл жанашырларына көзқарас

Осыған ұқсас жағдай 2017 жылы қайталанды. Түркия азаматы Оғыз Доған "Air Astana" бортында қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етіп, бортсеріктермен дауласқан. Түркия азаматы қауіпсіздікті сақтамағаны үшін 6 800 теңге көлемінде айыппұл арқалап, артынша ұлттық әуе компаниясын мемлекеттік тілді құрметтемегені үшін сотқа беріп, жеңіп шыққан.

Марғұлан Боранбай: Біздің президент, үкімет пен парламент неге шетел  тілінде сөйлейді? | Qazaquni.kz | Қазақстан жаңалықтары | Қазақ үні сайты

2020 жылы Әлеуметтік желіде ұлттық сипаттағы жазбаларымен танымал, қазақ тілін білмейтін қазақстандықтарды сынаумен белгілі белсенді Марғұлан Боранбай "Ұлттық алауыздықты қоздырды", "Конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекеттенді" деп айыпталып, 5 жылға соттады.

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен Қуат Ахметов елден кетті

2021 жылы қазақша қызметті талап етіп жүрген тіркелмеген Тіл майданы қозғалысының жетекшісі Қуат Ахметовтың үстінен "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, белсенді елден кетуге мәжбүр болды.

Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ: Қазақ тілінің мәртебесінің төмендігіне билік өкілдері  кінәлі | “Адырна” ұлттық порталы

Қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап етіп жүрген тағы бір белсенді, павлодарлық Руза Бейсенбайтегін 2021 жылы полиция ешнәрсе түсіндірместен ұстап алып кеткен. Полиция қызметкерлері белсендіні "үкімет қағазын жыртып тастағаны" үшін ұстадық деген. Руза Бейсенбайтегі бұл әрекетке мәжбүрлі түрде барғанын айтқан. Өйткені бұған дейін талай мәрте өтініш, ескерту жасап жүріп, өтініш бланктердің қазақ тіліндегі үлгісін ұсынуға қол жеткізе алмаған.

Ресейден қашқандарға

2022 жылы Павлодар қаласында Ресейдегі мобилизациядан қашып келгендерге "Қырым кімнің жері?" деген сұрақ қойған қоғам белсендісі Диас Құзайыров 5 тәулікке қамалып шықты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қазақша қызмет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір