10 Ақпан, 2023 NEWS
Фото: Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайты
Жуырда үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі бірқатар облыстарда күннің жылынуымен сел жүріп, су тасқыны болуы мүмкін екенін мәлім етті. Оқыс оқиғалар көктем ерте келетін Түркістан облысында басталып та кетті. Осы орайда Қамшы порталы қауіп аймағында тұрған облыс әкімдеріне сұрау салып, көктемгі су басуға дайындығы, бұған дейінгі оқиғалардан қаншалықты сабақ алғаны жөнінде сұрады. Төменде Қарағанды облысындағы ахуал туралы облыстық ТЖ департаментінің бастығы полковник Мұрат Қатпановтың жауабы ұсынылған.
1) Өңірде қандай проблемалық учаскелер бар? Қанша елдімекенге су басу қаупі төніп тұр?
«Қазгидромет» РМК қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, су тасқыны қаупі бар аймақтарға алдын-ала баға беріп, Қарағанды облысы су тасқыны қаупі жоғары аймақ ретінде тізімге енгізілді.
Соңғы жылдардағы су тасқынына жүргізілген бақылау және талдау негізінде облыс аудандары бойынша су басу қаупінің болжамды деңгейі жасалды:
Қауіптілігі жоғары деңгей: Қарқаралы, Бұқар Жырау, Шет, Нұра, Абай, Осакаров аудандары.
Қауіптілігі орташа деңгей: Ақтоғай ауданы, Қарағанды қаласы және Теміртау қаласының маңы.
Қауіптілігі төмен деңгей: Балқаш, Приозерск, Шахтинск және Саран қалалары.
Су тасқыны кезеңінде 149 елдімекен, 99 жол учаскесі және 237 су шаруашылығы құрылыстары бақылауда болады.
Коммуналдық және жекеменшіктегі су шаруашылығы объектілері өткен ғасырдың ортасында пайдалануға беріліп, әрі күрделі жөндеуден өтпегендіктен, су тасқыны саласындағы қауіптілігі жоғары нысандар қатарына енеді.
2) Елдімекендерді су тасқынынан сақтау үшін, су басу зардабын төмендету, оқыс оқиғалар мен қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін не істелініп жатыр?
Елді мекендерді су тасқынынан сақтау үшін, су басу зардабын төмендету, оқыс оқиғалар мен қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін облыс аумағында су тасқыны кезеңіне дайындық соңғы жылдары республикалық су тасқыны қаупін азайту жөніндегі Жол картасына және облыстық инженерлік жұмыстар жоспарына сәйкес атқарылуда.
Жалпы, 2015 жылдан бастап облыста 274 км біліктер мен жалдар тұрғызылды, өзендердің 122 км арнасына түбін тереңдету, түзету, кеңейту және жағалау нығайту жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 2022 жылы мамыр-қараша аралығында барлығы 89 іс-шара орындалды, оның ішінде шамамен 21 км біліктер мен жалдар салынып нығайтылды, өзен арналарының су тасқыны қаупі бар 20 шақырымдық учаскесіне санация жүргізілді, шамамен 2 км су бұру арналарына жөндеу жұмыстары жүргізілді, 88 шақырым дренаждық және арық жүйелері тазартылды, автомобиль жолдарының 23 учаскесінде су өткізу қабілеті ұлғайтылды, 20 су шаруашылығы объектілеріне жөндеу жұмыстары жасалды.
3) Үкімет басшысы проблемалық өңірлердің әкімдері қарды уақытылы шығаруда сылбырт қимылдап отырғанын мәлім етіп, шаруаны ширатуды тапсырды. Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыс көлемі қандай?
Тұрғын үйді еріген су басуына жол бермеу мақсатында 9 ақпандағы жағдай бойынша облыс елді мекендерінен 835,6 мың м3 қар шығарылды. Әкімдіктердің мәліметі бойынша қалалары мен аудандарының жергілікті бюджеттерінен қар шығару үшін қаражат қарастырылған.
4) Әлихан Смайлов сондай-ақ облыс басшыларына бұрынғы қателіктерді қайталамауды қатаң тапсырған. Алдыңғы жылдардағы жағдайдан нәтиже шығарып, «биыл облысымыз көктемгі су тасқынына тас-түйін дайын» деп айта аласыз ба?
Облыс аумағында су тасқыны кезеңінің апатсыз өтуін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 30 қаңтарда облыс әкімінің «2023 жылғы су тасқыны кезеңінде халықты және аумақты қорғауды ұйымдастыру туралы» № 8өкімі шығарылды және облыс халқын, аумағын және шаруашылық жүргізуші субъектілерін су тасқынынан қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда тасқын суларды қабылдауға және транзиттеуге дайындық бойынша 44 іс-шара айқындалған.
Су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің Қарағанды аумақтық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерінің іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
2023 жылғы 9 ақпанда облыс әкімінің төрағалығымен облыстық ТЖ комиссиясының отырысы өткізілді. Аудан, қала әкімдері мен құзіретті органдардың басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Су тасқынына әзірлік жұмыстары жалғасуда.
Ықтимал ТЖ жою үшін жеке құрамы 3440 адам, 1388 бірлік техника, 66 бірлік жүзу құралдары, 360 бірлік су айдау техникасымен жабдықталған күштер мен құралдар 6 негізгі су тасқыны қауіпті бағыттар бойынша топтастыруды іске қосу жоспарлануда.
5) Облыс су басудың зардаптарын жою, су басқан елдімекендердің халқын эвокуациялау сынды шаруаларға қаншалықты әзір?
Ықтимал су тасқынының салдарын жою үшін әкімдіктердің «Төтенше жағдай резерві» «Шұғыл шығындарға арналған резерв» және «ТЖ алдын алуға және жоюға арналған шығындар» есебінен қаржылар қолданылатын болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір