• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 22:47:06
Алматы
+12°
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша ашылған арнайы порталдағы лимит 18 секундта аяқталып қалғанын хабарлады.
Қор мәліметінше, алғашқы минутта порталдағы қолданушылар саны 125 мың адамды құрап, лимит 18 секундта толып кеткен. Портал жүйесі түскен жүктемені көтерген. Тек 761 адамнан құжат қабылданғаннан кейін өтінім қабылдау автоматты түрде жабылған.
 
Келесі өтінім наурыз айында, одан кейін ай сайын қабылданады деп күтіліп отыр.
 
Бүгін жылына 4 пайызбен автонесиелеу бағдарламасына өтінім қабылдайтын портал іске қосылмай жатып, істен шықты. Портал арқылы 10:00-ден бастап өтінім қабылдау басталуы керек болған. Алайда қолданушылар процедураларда қате шығып жатқанын, кейде тіпті кей операциялар мүлде жоғалып кеткенін айтады. 
Ал кей қолданушылар 10:00-де кіргеннің өзінде өтінім қабылдауға лимит таусылып қалағаны жазылған терезе шығып, команданы жалғастыру мүмкін болмаған.
 
Порталға тек 761 адам өтінім қалдыра алады. Өйткені бұл жолғы бағдарлама бюджеті осыған дейін көлік алған азаматтардың ай сайынғы төлемінен жиналған сомаға тең. Бүгінде кредит төлемдері бойынша 7,6 млрд теңге жиналған, ол 761 адамды қамтиды деп болжанып отыр.
 
Әлеуметтік желіде портал жұмысының кідірісті көзбояушылыққа санап, жеңілдетілген несие тізімі әлдеқашан жасалып қойылған деп тұспалдап жатқандар көп.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: автонесиелеу

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір