• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:50:30
Алматы
+35°
Тараз қаласында жаңа туған сәбиді сатқан екі медицина қызметкері ұсталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
 
"2023 жылдың 12 қаңтарында аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкері ұсталды" делінген ресми хабарламада.
 
Polisia.kz сайтының мәліметінше, тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 млн теңгеге сатып жіберген.
 
Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 
Кәмелетке толмаған баланы сатқаны үшін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: акушер Тараз қаласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір