• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:49:09
Алматы
+35°

20 қаңтарда заңгер Сержан Пралиев әскерге шақырылушынының өзіне қол жұмсау фактісіне байланысты қылмыстық іс бойынша баспасөз мәслихатын өткізіп, тергеу барысында анықталған кей жайттар туралы хабарлаған болатын. Ішкі істер министрлігі адвокат әрекетін қызметтік этика нормаларын бұзу деп бағалап отыр.

"Ол өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жорамалдарын қосып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайды” делінген ақпаратта.

Адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданған. 

"Қорғаныс министрі отставка кетсін". Сіз қолдайсыз ба? (Сауалнама)

Кеше заңгер Сержан Пірәлиев Жамбыл облысында әскери борышын өтеу кезінде өзіне қол салған 18 жастағы Бекбол Мираштың қазасын тергеу кезінде сарбаз өліміне бірнеше адам зорлық көрсеткені себеп болғаны анықталғанын, тергеу органдары кей деректерді елемей отырғанын айтқан.
 
Бүгінде аталған факті бойынша бөлім командирі қамауға алынып, оған қатысты "ауыр зардапқа әкеп соқтырған билікті асыра пайдалану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір