18 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Украинада елдің Төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі тікұшақ апатқа ұшырап, 18 адам қаза тапты. Оның ішінде бірнеше ірі шенеунік бар. Бұл туралы ВВС хабарлады.
"Бровара қаласында балабақша мен тұрғын үйдің жанына тікұшақ құлады. Оқиға орнында балалар мен мекеме қызметкерлері болған. Қазіргі уақытта барлығы эвакуацияланды. Зардап шеккендер бар. Апат орнында жедел жәрдем, полиция және өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр" деп хабарлады Украина Біріккен қарулы күштерінің басшысы Алексей Кулеба.
Украинаның ұлттық полициясының басшысы Игорь Клименконың дерегінше, апаттан елдің Ішкі істер министрі, оның бірінші орынбасары және мемлекеттік хатшы қаза тапқан. Жалпы 18 адам мерт болған, оның 3-уі бала, 9-ы ұшақ бортындағылар.
Апаттан зардап шеккен 29 адам ауруханада жатыр. Қаза тапқандармен, зардап шеккендердің саны артуы мүмкін.
Апаттың себебі әзірге белгісіз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір