Фото: Ашық дереккөз
Қырғызстан Республикасының бұрынғы президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтады. Бұл жөнінде Қырғызстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Кабар агенттігі.
"Қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі ескіруіне байланысты іс тоқтатылды" делінген Қырғызстан бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Асқар Ақаев 1991-2005 жылдары Қырғызстан президенті болған. 2005 жылы 24 наурызда "қызғалдақ революциясы" кезінде Мәскеуге қашып, артынша отставкаға кеткен.
Ол билікті немесе қызметтік жағдайды асыра пайдаланды, 1992 жылы "Камеко" компаниясымен келісім жасасу барысында немқұрайлық жасады, 2003 жылы "Құмтөр" жобасын қайта құрылымдауда заңсыздыққа барды деп айыпталған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір