09 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі
Қаржылық мониторинг агенттігі Елдос Қоспаевтың үйлестіруімен рейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілініп, іздеу жарияланған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалғанын хабарлады.
"Елдос пен Айдос Қоспаевтар, Ерлан Имашев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов тергеуден жасырынып жүр. Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы күш қолдану және қорқыту арқылы алматылық кәсіпкерлердің мүлкін, серіктестіктердегі үлестерін тартып алып, көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысқан. Рейдерлік шабуылдар бойынша сотқа дейінгі тергеу және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар адамдарды анықтау жалғасуда. Іздеудегі адамдардың қайда болуы мүмкін екендігі туралы ақпараты бар адамдарды ҚМА сенім телефонына хабарласуды сұраймыз. 8 (7172) 708-478, 8 (727) 279-29-56. Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған" делінген агенттік хабарламасында.
Orda.kz порталы Елдос Қоспаев экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың адамы екенін жазады. Ел арасында рейдерлің шабуылдардың арасында тікелей Болат Назарбаев тұр, Қоспаев Назарбаевтың қамқорлығымен әрекет еткен деген әңгіме бар.
Маусым айында журналист Михаил Козачков "Karuan" ЖШС иесі Нұршы Кәкенов Болат Назарбаевты рейдерлік шабуыл жасады деп айыптап, арызданғаны туралы жазған. Қаржылық мониторинг агенттігі арыз түскенін растағанымен, Назарбаевтың үстінен сотқа дейінгі тергеу басталған туралы ақпарат шықпады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір