• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:24:49
Алматы
+12°

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің үстінен қозғалған іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлады өңір сотының баспасөз қызметі. 

"Бүгін сағат 15:00-де Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау белгіленді. Алдын ала тыңдау қорытындысы бойынша негізгі сот талқылауының мерзімі бекітіледі", - делінген хабарламада. 

2022 жылғы сәуірде Антикор полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу бастап, оған іздеу жарияланған. Аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген генерал-майор Ресейге өтіп елден қашпақ болған кезінде жалған құжатпен ұсталған болатын. Нұрлан Мәсімов ҰҚК-нің экс-төрағасы, мемлекетке опасыздық жасады, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен сот процесі өтіп жатқан Кәрім Мәсімовтің жақын туысы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір