05 Қаңтар, 2023 Саясат
Фото: Дина Елгезектің Facebook парақшасынан
Журналист, қоғам белсендісі Дина Елгезек Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген ресми нұсқаға сенбейтінін, бүліктің артында тұрғандарды билік бүркемелеп отырғанын айтады.
"Қазақстанда өзге ұлт өкілін Президент етіп тағайындамайтынын Мәсімов білмеді дейсіз бе?Әрине, білді. Қазақ оған өлсе көнбейтінін де білді. Тоталитарлық режиміңді пысқырмай, орыстың елде төрелік етуіне қарсы шыққанын да көрді. Қазақтың табиғатын, елін біреуге басқартып қоймайтынын біле тұра Мәсімов Тоқаевтың орнын алғысы келді, Мәсімов - бас ұйымдастырушы деген ертегіге кім сенеді? Билікті алғысы келген адам ең бірінші Ақорданы шабуылдамайды ма? Соған Мәсімовтың басы жетпеді дейсіз бе? Нақты тапсырыс беруші кім? Неге атамайды Прокурор? Неге жасырасыңдар елден? Тоқаев, кімді бүркемелеп отырсыз? 1 жыл үндемедік. Неге айтқызбайсыз шындықты?" деді журналист facebook парақшасында.
Бүгін Қаңтар оқиғасына бір жыл толғанда мәжілісте оқиғаны тергеу барысы туралы қоғамдық тыңдау өтіп, Бас прокурор Берік Асылов "Қаңтардағы" бүлікке мемлекеттік төңкеріс жасауға оқталу әрекеті деген баға берілгенін, төңкеріске оқталу әрекетінің ұйымдастырушысы ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов екенін мәлім еткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір