23 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фото: Қазақстандағы адам құқылары жөніндегі халықаралық Бюро сайты
Қазақстандағы адам құқылары жөніндегі халықаралық Бюро мен Қазақстанның азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар Коалициясы, «Азаматтық Ынтымақтастық» Платформасының азаптауларға қарсы Жұмыс тобымен бірлесе отырып, «Зорлы-зомбылық пен азаптау туралы не ойлайсың?» атты зерттеу жүргізіп жатыр.
Қазақстандағы адам құқылары жөніндегі халықаралық Бюро сайтындағы ақпаратта зерттеу қоғамның азаптау мен қатыгездік тәжірибесіне деген көзқарасын бағалайтын бірінші және әзірге жалғыз зерттеу екені, әрі қоғамның өзі азаптаудан біржола құтылу үшін өзінің қаншалықты қажет екенін көруге мүмкіндік беретіні айтылады.
Сауалнама дизаины деректі оқиғаларды анкеталық сұрақтарға айналдыру әдісіне сүйенген.
Бұған дейінгі өлшемдердің нәтижесі «Қоға үкімі» («Общественный вердикт») қорының «Барометр реформы полиции» сайтында жарияланған.
Сауалнама сұрақтарына жауап бере отырып зерттеуге қатысам деушілер сауалнама сайтына өтуі керек. Ол үшін мына жерді басу керек.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір