• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:39:17
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ және тұмау ауруларының көбеюіне байланысты қазақстандықтарға қайтадан бетперде киіп жүруге және адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді. 

Ведомство мәліметінше, елде ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі байқалады.

"Эпидемиялық маусым басталғаннан бері, яғни 2022 жылдың 1 қазанынан бері жіті респираторлық вирус инфекцияларының 2,1 миллион жағдайы тіркелді, оның 65,5 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Сондай-ақ, тұмаудың зертханалық расталған 1834 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 717", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.

Тұмау, ЖРВИ және коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі төмендегідей нұсқаулық ұсынады:

  • Маска мен антисептиктерді қолдану;
  • Адамдар көп жиналатын орындарға баруды, ауру адамдармен қарым-қатынасты шектеу;
  • Үй-жайларды желдетіп, жиі ылғалды тазалау жүргізу;
  • Дереу медициналық көмекке жүгіну.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір