• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:29:29
+12°

Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі көмір өндіруші аймақтардың Ресей темір жолдарының шығыс аймағына жеткізуге және Қазақстаннан көмір тасымалдауға тыйым салу керегін мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz. 

Құжатта көмір экспорттаушыларды қолдау бойынша бірнеше шарттар көрсетілген. Атап айтқанда, ресейлік өнімді тасымалдау мен жөнелту бойынша "Темір жол инфрақұрылымының өткізу қабілетін бөлуде аймақтарға басымдық беру" тармағын алып тастау керегін және порттарда ресейлік өнімді тасымалдау мен жөнелтудің басымдығын қамтамасыз ету мақсатында үшінші елдерден, оның ішінде Қазақстаннан көмір тасымалдауға уақытша тыйым салуды енгізу ұсынылды. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан көмірді автокөлікпен экспорттауға уақытша тыйым салған болатын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мұндай шешімді халыққа, коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірді қайта сату үшін көрші елдерге экспорттау фактілерінің анықталуына байланысты қабылданғанын хабарлаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір