• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:30:34
Алматы
+12°

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Ұлытау облысында жалғасты.

Жезқазған қалалық Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде аймақ жұртшылығымен кездесу өтіп, оған 500-ге жуық адам қатысты.

Ұлытаулықтармен әңгіме барысында РҚШ мүшелері кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өңірлерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Фото: Республикалық қоғамдық штаб

 

«Өз бағдарламасында Қасым-Жомарт Тоқаев дамыған өңірлерсіз мықты, гүлденген елді елестету мүмкін еместігін атап өтті. Мемлекеттің күші – оның әрбір азаматының, тіпті ең шалғай елді мекендегі тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатының жоғары болуында. Өңірлік саясат әділетті болса, ірі қалалардағы және шағын ауылдардағы жұрт жайлы өмір сүреді» деді РҚШ басшысы Ерлан Қошанов. 

Ол Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы таяу жылдарда барлық елді мекеннің таза ауыз суға, сапалы жолдарға, жылдам интернет пен тұрақты ұялы байланысқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге басымдық беріп отырғанын атап өтті. Елдегі газдандыру 60 пайыздық деңгейге жеткізілмек.

 

Тұрғын үй тапшылығы мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады. Ол үшін алдағы 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесі өткір тұр. Бұл барлық аймаққа қатысты. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында осындай жағдайдағы 40 мыңға жуық тұрғын үй иесін жаңа баспанамен қамтамасыз ету көзделген. 

Фото: Республикалық қоғамдық штаб

РҚШ мүшелері осы нақты шаралардың барлығы қаржымен қамтылып,  алдағы 7 жылда өңірлердегі тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыратынын және олардың даму деңгейіне қатысты теңсіздіктерді айтарлықтай төмендететінін атап өтті.

Фото: Республикалық қоғамдық штаб

Бұдан соң Республикалық қоғамдық штаб мүшелері «ULYTAU NAN» ЖШС нан зауытында болып, кәсіпорын қызметкерлеріне кандидаттың бизнесті дамыту және кәсіп одақтарды қолдау жөніндегі сайлауалды бастамалары туралы айтып берді.

«Kazakhmys Smelting» ЖШС мыс балқыту зауыты – аймақтағы жетекші кәсіпорындардың бірі. РҚШ мүшелері металлургтермен Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістегі еңбек құқықтарын қорғау және жаңғырту мәселелерін талқылады.

Фото: Республикалық қоғамдық штаб

Дайындаған: Республикалық қоғамдық штаб
Астана қаласы, Қонаев к. 12/1
Тапсырыс беруші: М. Ж. Оспанов
Президенттікке кандидат Қ.К.Тоқаев сайлау қорының қаражатынан төленді

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір