• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:42:47
Алматы
+12°

Алматы облысының прокуратурасы 305 мемлекеттік қызметкер 507 млн теңгені құмар ойынына жұмсағанын анықтады. Тергеу құжаттарын журналист Михаил Козачков өзінің Telegram каналына жариялады. 

Құжатта прокурорлар ойынханалар мен ойын автоматтарының қызметін тексеру барысында құмар ойынға ақша тігіп жүрген 305 шенеунікті анықтағаны айтылады.

"Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құмар ойынға жұмсаған қаражаты:

  • ҚР Iшкi iстер министрлiгi – 97 млн;
  • ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн;
  • ҚР Қаржы министрлігі – 25 млн;
  • Жергiлiктi атқарушы органдар – 36 млн;
  • ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн;
  • ҚР Жоғарғы Соты – 7 млн;
  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн;
  • Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн", - деп көрсетілген құжатта. 

Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі құжаттағы ақпараттарды растады. 

"Иә, растаймыз. Біз тізімді барлық мемлекеттік органдарға шара қолдануға жібердік", - деді прокуратура өкілдері.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір