• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 11:13:49
+9°

2021 жылы Марат Нұражы мен Айгүл Нұражы есімді ағайындылар Нью-Йорк қаласының қазақтарын қолдау мақсатында арнайы «KCSG» атты қор ашқан. Марат Нұражы аталған қорды ашуға не себеп болғанын және алдағы мақсаты жөнінде айтып берді.

«Өзім америкалық қазақ болғасын, қазақ балаларын қорғауды мақсат еттім. Сол себепті қазақ балаларын қорғау ұйымын ашуды қолға алдым. 2021 жылдың 11 шілдесінде «Marine» атты паркте қор құру үшін қайырымдылық шарасын өткізіп, қаражат жинай бастадық. Іш-шараға Нью-Йорк қаласының қазақтары көптеп келгенін байқадым. Бұл мені тіптен жігерлендіре түсті. Сөйтіп, қордың жұмысын дамытуға білек сыбана кірісіп кеттік», дейді Марат Нұражы.

ауп

Марат пен Айгүлдің әкесі Нұршат Нұражы Астана қаласындағы Назарбаев университетінде профессор болып қызмет атқарады. Ол да бірнеше жыл бұрын Нью-Йорк қаласында білім алып, профессор дәрежесін қорғаған.

«Біз Назарбаев университетіндегі «Балаларды дамыту» ұйымымен тығыз байланыс құрып, бірлесіп жұмыс істеуді жоспарладық. 2022 жылдың көктемінен бастап сол ұйыммен бірге әлеуметтік жағдайы төмен қазақ балаларына білім беріп, көмек көрсете бастадық. Биылғы жылдың ақпан айында ZOOM арқылы қазақстандық балаларға ағылшын тілінен сабақ бердік», дейді қор өкілі.

пкуп

Ағайынды Нұражылар 25 маусымда Қазақстанға қонаққа келді. Бұл – Нью-Йорк қаласында дүниеге келген ағайындылардың Қазақстанға жасаған алғашқы сапары.

«Бұған дейін онлайн түрде сабақ берген едік. Қазақстанға келген кезде оқушыларымызбен кездесіп, офлайн түрде сабақ беру бақыты бұйырды. Оқушыларымызды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, шетелдегі мектептер мен университет туралы айтып бердік. Олар Назарбаев универсиетіне бұрын барып көрмеген екен. Біз балаларды ертіп, университетті бірге араладық», дейді Марат Нұражы.

Бұдан кейін де Марат Нұражы мен Айгүл Нұражы қордың жұмысын жандандырып, қазақ балаларына білім беруді жалғастыра бермек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір