• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 20:32:07
Алматы
+12°

Қазақстан Халық партиясы Астанада кезектен тыс XXI съезін өткізіп, алдағы сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына қолдау білдірді, деп жазады informburo.kz.  

"Қазір ішкі саяси ойындар мен қарсыластардың уақыты емес. Біздің партия саяси күштердің ішінде кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірінші болып қолдады. Бұл мәселеде ел мүддесін алға қоюымыз керек", деді Халық партиясының көшбасшысы Ермұхамет Ертісбаев. 

Ертісбаев "Ауыл" партиясының кандидаты Жигули Дайрабаевтың сайлауда жеңіске жету мүмкіндігіне баға берді. Партия көшбасшысы Дайрабаевпен жеке таныс емес екенін айтты. 

"Ол сайлауда ең болмағанда 5% жинай ала ма? Мен оның ешқандай мүмкіндігі жоқ деп ойлаймын. Тіпті, 0% дауыспен Гиннестер рекорды кітабына енетін болар. Себебі ешкім Астана атауын Жигули деп ауыстырғанын қаламайды", деді Ертісбаев. 

Кейін Ертісбаев мұнысын ресмиліктен арылып, съезд қатысушыларын сергіту үшін әзілдеп айтқанын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір