• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:49:16
Алматы
+12°

Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталғандардың туған-туыстарын қолдауға барған кезінде ұсталған саясаткер Рысбек Сәрсенбай өзін босатқанын хабарлады. Бұл туралы Nege.kz жазды.

"Қаңтар қырғыны бойынша айыпталғандардың туған-туыстары істі әділ қарауды биліктен талап етті. Олар менен көмек сұрады. Полиция адамдарды күштеп әкетпек болды. Ара түскен мені де күштеп қолымды қайырып, көлікке мінгізді. Полиция бөлімінде мені күштеп тергеушіге апармақ болды. Кім екенімізді, не үшін келгенімізді анықтау керек дейді. Сол үшін сүйреп апару керек пе? Сол жерде де анықтауға болады ғой! Соның салдарынан қан қысымым көтеріліп кетті. Одан кейін жүрегім қақты. Дәріханаға жібермеді, телефонымды алып қойды. Дәрігерді әрең шақырды. Тергеуші маған қатысты хаттама толтырудан бас тартты. Алайда мұны өзім талап етіп, хаттама толтыртқыздым. Қазір жағдайым қалыпты", деді Рысбек Сәрсенбай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір