• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:42:09
Алматы
+12°

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басқарма басшысы Ермек Шүлден орманды қасақана жою немесе зақымдағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын мәлімдеді. 

«ҚР Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ормандарды жою немесе зақымдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт қою арқылы немесе қоқыспен ластап, өзге де әрекетпен қасақана жою немесе зақымдау ҚР Қылмыстық кодексінің 341-бабымен сараланады. Аталған әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады және ол үшін мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деді Ермек Шүлден.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртенді. Облыстағы 5 аймақта өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өрттен 10 адам ауыр және жеңіл жарақаттар алып, 1 адам қаза тапқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қостанай облысы өрт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір