• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 13:18:58
Алматы
+12°

5 тамызда Қытайдың 5 баллистикалық зымыраны Жапонияның ерекше экономикалық аймағына құлаған, деп хабарлады Интерфакс. Бұған қатысты Жапония наразылық білдіріп жатыр. 

– Бұл – еліміздің және адамдардың ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін маңызды мәселе, – деді Жапонияның қорғаныс министрі Нобуо Киси. 

Кеше Жапонияның Сыртқы істер министрі Иосимаса Хайаси Тайвань бұғазында өтіп жатқан Қытай әскери жаттығуларына байланысты алаңдаушылық білдіргіп, Қытайдан Тайвань маңындағы оқу-жаттығуды дереу тоқтатуды талап еткен.

Ал бүгінгі жағдайға байланысты жапон үкіметі Қытай билігіне дипломатиялық арыз түсірді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір