• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:24:27
Алматы
+12°

Қытай басшысы Си Цзиньпин Тайфань өңіріндегі шиеленістің өршуіне байланысты АҚШ президенті Джо Байденге ескерту жасады, деп хабарлады Reuters.

Телефонмен сөйлесу кезінде Си Цзиньпин Қытай Тайвань мәселесінде елдің ұлттық егемендігі мен тұтастығын қорғауға бел байлағанын және аралдың жарияланған тәуелсіздігін мойындамайтынын атап көрсетті. Сондай-ақ ол АҚШ Тайвань тәуелсіздігі мен сыртқы істеріне араласуға үзілді-кесілді қарсы екенін айтты. 

– Отпен ойнаған күйелі. АҚШ мұны түсініп, көзқарасын өзгертеді деген үміттеміз, – деді Си Цзиньпин.. 

Джо Байден болса, АҚШ-тың "Біртұтас Қытай" саясатын қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ-тың Тайваньға қатысты саясаты өзгермеген және Вашингтон Тайвань бұғазы арқылы статус-квоны өзгертуге немесе бейбітшілік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіруге бағытталған біржақты әрекеттерге үзілді-кесілді қарсы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Джо Байден Қытай АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір