• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:15:20
Алматы
+12°
 
Ресейдің Краснодар соты Новороссия аудандық сотының Каспий құбыр консорциумы желісінің жұмысын тоқтату туралы шешімін өзгертті, деп жазады КҚК баспасөз қызметі.

Баспасөз хабарламасында құбыр желісі заң бұзушылық үшін айыппұл төлеп, жұмысын жалғастыра беретіні айтылған.

 

"КҚК Ространснадзором анықтаған бұзушылықтарды реттеу үшін компания қызметін бір айға тоқтату туралы сот шешіміне шағымданды. КҚК – Қазақстан мұнайын экспорттайтын негізгі маршрут. Ол бойынша жылына 67 млн тонна "қара алтын" айналып жатыр. Компания тыйымды алып тастауға шағымды 6 шілдеде жіберді. Аппеляцияялық сот аудандық сот шешімін өзгертіп, КҚК-ге 200 000 рубль (шамамен 1,5 миллион теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тайындады. Қаулы күшіне енді" делінген сот хабарламасында.

 

КҚК заң бұзушылықтар мейлінше қысқа уақытта реттелетінін мәлім еткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір