Бас прокуратура бөлімінің прокуроры Аброр Маматовтың айтуынша, тергеу мен іздеу операциялары аса құпия жағдайда өтеді. Тергеуді Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі, Бас прокуратура, ІІМ, Ұлттық гравдия өкілдерінен тұратын арнайы топ жүргізеді.
Аталған айып қанша адамға тағылғаны әзірге белгісіз. Ұлттық гвадия баспасөз қызметінің жетекшісі Давпон Жуманазаров бұған дейін 1-2 шілдеде демонстрация орнында 516 адам ұсталғанын, коменданттық сағат кезінде көшеде жүрген 110 адам қамалғанын мәлім еткен. Өзбекстан прокуратурасы Нөкістегі азаматтар мен милиция арасындағы қақтығыстан 18 адам қаза тауып, 94 адам ауруханада жатқанын, 243 адам жараланғанын хабарлаған. Жаралылар арасында 38 құқыққорғау органы қызметкері бар.
1 шілде күні Өзбекстан құрамына кіретін Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нөкіс қаласында ресми Ташкенттің өзгерту арқылы Конституциядан автономияның тәуелсіздік жариялау құқығын жою жоспарына қарсы жаппай наразылық басталып, билік азаматтарды күшпен таратқан. 2 шілдеде президент Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанның статусына байланысты өзгертулерден бас тартып, 3 шілдеде автономия аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.
Өзбекстанның ресми билігі наразы азаматтарды "қылмыскер" деп атап, әрекеттерін "заңсыз" деп отыр. Қарақалпақстандағы жағдай туралы жетіп жатқан ақпарат мардымсыз. Әлеуметтік желілерде милиция адамдарды сабап, қан болған көшені жууып жатқан видеолар тарауда.
Пікір қалдыру
пікір