• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 21:56:52
Алматы
+12°

Өзбекстан конституциясына өзгеріс енгізуді талқылау 15 шілдеге дейін созылды, деп жазады өзбекстандық Podrobno.uz сайты.

 

"Заң палатасы бүгінгі пленарлық отырыста Конституцияға өзгеріс енгізуді көздейтін заң жобасын жалпыхалықтық талқылауды 15 шілдеге дейін созды" делінген хабарламада.

 

Бұл – азаматтардың пікір білдіру белсенділігінің жоғары болуы мен түсіп жатқан ұсыныстардың көптігімен байланысты екені айтылды.

Сараптама нәтижесіне сай, жалпыхалықтық талқылаудың алғашқы күндері күніне 700 ұсыныс түссе, бүгінде күніне түсіп жатқан ұсыныс саны 10 мыңнан асқан.

Депутаттар Қарақалпақстан республикасының егемендігі мен кез келген уақытта референдум арқылы Өзбекстаннан бөлек шығуға кепіл болатын конституциядағы 70-75 баптар өзгеріссіз қалатынын мәлім етті.

1 шілде күні Өзбекстан құрамына кіретін Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нөкіс қаласында ресми Ташкенттің өзгерту арқылы Конституциядан автономияның тәуелсіздік жариялау құқығын жою жоспарына қарсы жаппай наразылық басталып, билік азаматтарды күшпен таратқан. 2 шілдеде президент Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанның статусына байланысты өзгертулерден бас тартып, 3 шілдеде автономия аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Өзбекстанның ресми билігі наразы азаматтарды "қылмыскер" деп атап, әрекеттерін "заңсыз" деп отыр. Қарақалпақстандағы жағдай туралы жетіп жатқан ақпарат мардымсыз. Әлеуметтік желілерде милиция адамдарды сабап, қан болған көшені жууып жатқан видеолар тарауда. Өзбекстан прокуратурасы азаматтар мен милиция арасындағы қақтығыстан 18 адам қаза тауып, 94 адам ауруханада жатқанын, 243 адам жараланғанын хабарлады. Жаралылар арасында 38 құқыққорғау органы қызметкері бар.

Ұлттық гвадия баспасөз қызметінің жетекшісі Давпон Жуманазаров 1-2 шілдеде демонстрация орнында 516 адам ұсталғанын, коменданттық сағат кезінде көшеде жүрген 110 адам қамалғанын мәлім етті.

Аймақта байланыс нашар, интернет дұрыс істемейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір