27 Маусым, 2022 NEWS
Фото: kp.ru
Ресейлік әнші Юрий Шатуновтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 48 жастағы әншімен қоштасу рәсімі кезінде әртістің директоры Аркадий Кудряшов айтты.
"Үстел үстінде Юрийдің жағдайы нашарлады. Бір уақытта ол кеудесін ұстап, дем алуы қиындай түсті. Біз "Жедел жәрдемге" хабарласқан кезде олар "өздерің алып келіңдер, әйтпесе ұзақ уақыт күтіп қаласыздар" деп жауап берді. Жақын маңдағы жедел жәрдем бөліміне апардық. Олар да "науқастың жағдайы ауыр" деп ауруханаға жіберді. Аурухана жеткізетін көліктері ескірген, ешқандай құрал-жабдық жоқ. Юрийді аурухана жеткізіп үлгермедік, жолда жүрегі тоқтады. Мен оны құтқару мүмкін емес еді деп ойлаймын. Оған дәрігерлер көмектеспек болды. Бірақ бәрі кеш еді. Қазір "Жедел жәрдем" қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бірақ біз дәрігерлерге қарсы ештеңе айта алмаймыз", деді Аркадий Кудряшов kp.ru сайтына берген сұхбатында.
Директордың айтуынша, әртіс "Ласковый май" әнін айтуға қатысты сот отырысынан 2 күн өткен соң қайтыс болған.
"Оның жүрегінің тоқтауына сол сот отырысы әсер етті деп ойлаймын. Қайтыс болардан 2 күн бұрын сотта жеңіске жетіп, хит әнді орындау құқығын қайтарған еді. Бірақ сол уақытта қатты шаршады" деп еске алады Аркадий Кудряшов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір