• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 18:33:08
Алматы
+35°
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті XV сессиясы барысында өңір басшысы білім саласынада қомақты қаржы бөлініп жатқанын жеткізді.
 
Өткен жылы қаржыландыру үш есеге артып, 211,8 млрд теңгені құрады. Барлығы 644 мектеп, 357 мектепке дейінгі мекеме, 72 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, дарынды балаларға арналған интернаттар қаржыландырылды.
 
Даниал Ахметовтың айтуынша, былтыр 250 пән кабинеті мен 600 мың оқулық сатып алынды, 208 білім беру мекемелерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектептердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда.
 
– Облыста үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі толығымен шешілген. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салу" тапсырмасына сәйкес, облыс бойынша барлығы 33 мектеп салу жоспарланып отыр. Өткен жылы Семей қаласындағы Шығыс кентінде 1200 орынға мектеп салынды, Степной кентінде  300 орынға мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар Риддерде – 600, Ұлан ауданында – 320 балаға арналған мектептер пайдалануға берілмек. Ағымдағы жылы 7 мектепті іске қосу жоспарлануда, – деді Даниал Ахметов.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір