• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:42:53
Алматы
+12°

Алматыда полиция Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай мен өзге де саяси тұтқындарды босатуды талап етіп митинг ұйымдастырмақ болған белсенділерді ұстап алып кетті.

Жанболат Мамайдың жақтастары Алматыда заң бойынша митинг өткізетін орындардың бірі ретінде белгіленген Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда бейбіт жиынға шығатынын мәлімдеп, қала әкімдігіне тиісті ескерту жолдаған. Белсенділер хатына әкімдіктен жауап келмеген.

Ал бүгін алаңда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтіп жатты.

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Ғылым академиясы ғимаратының алдына сахна құрылып, көрермендер үшін орындықтар қойылған. Әскери киімдегі оқушылар, курстанттар театрландырылған көріністер қойды.

Фото: Qamshy.kz

Фото: Qamshy.kz

Белсенділер мұны алаңға беттегенде ғана білгенін, әкімдік алаң бос болмайды деп ескертпегенін айтады.

Белсенділер Қонаев пен Шевченко көшелерінің қиылысында "Жанболатқа бостандық" деп жазылған футболкаларын киім, талаптарын айта бастағанда полиция оларды біртіндеп ұстап алып кетті. Ұсталғандар арасында "Демпартия" өкілдері Инга Иманбай, Абзал Достияров, Дәурен Достияров, Нұрбол Байтереков, журналист, Oyan, Qazaqstan! қозғалысының белсендісі Әсем Жәпішева мен белсенді Жанель Шахан бар.

Фото: Манас Қайыртайұлы

Қоғам белсендісі Жанболат Мамай ақпан айынан бері қамауда отыр. Ол алдымен қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған қаралы митингті ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке, артынша екі қылмыстық іс бойынша екі айға қамауға алынған. Оған  "қарабет" дегені үшін құқыққорғау органы қызметкерін қорлады, несие амнистиясына байланысты "жалған ақпарат" таратты деген айып тағылып отыр. Аталған айыптарға сәйкес, сот кінәлі деп тапса, белсенді 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жанболат Мамайдың жақтастары мен адам құқығы саласындағы беделді халықаралық Human Rights Watch және Amnesty International ұйымдары белсендіні қудалаудың саяси астары бар екенін айтады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір