• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 18:27:39
Алматы
+35°
Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығына" қарасты Солтүстік Қазақстан облысындағы зертхана Ресейден "халал" стандартқа сай деп жеткізілген шұжықтан доңыз етінің ДНК-сын тапқан.

Наурыз айында халық тұтынатын тауарлар сапасына мониторинг жасау аясында Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын сатып алған

"Зерттеу барысында сиыр еті өнімі бар консервінің екі сынамасы және шұжық өнімінің бір сынамасы талапқа сәйкес келмейтіні анықталды: ЖК Павлов А.С. дайындаған жартылай ысталған "Мұсылман" шұжығы (Ресей, Башқұртстан Республикасы); "Қорған ет комбинаты "Стандарт" ЖШҚ өндірген "Бұқтырылған сиыр еті жоғары сұрыпты" стерильденген кесек етті консервілер (Ресей, Қорған қаласы);  "Орел Өнімдері" АҚ өндірген "Бұқтырылған сиыр еті жоғары сұрыпты" стерильденген кесек етті консервілер (Ресей, Орлов облысы).

Сондай-ақ, "Түскі асқа арналған шошқа еті" стерильденген тартылған ет консервілерде (Ресей, Мәскеу облысы "Селятино" ет өңдеу комбинаты) тауық етінің ДНҚ-сы анықталды" делінген хабарламада.

Доңыз етінің ДНҚ-сы дүкендерде сатылатын ресейлік консервілер мен "Мұсылман" жартылай ысталған шұжықтарынан табылған.

Зерттеу нәтижесінде анықталған қорытындыларға байланысты жоғарыда аталған өнімдер талапқа сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілген. ҰСО филиалы мамандарының айтуынша, өндірушілер тамақ өнімдерін дұрыс таңбаламайды, сонымен қатар өнім заттаңбада көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Халал стандарт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір