31 Наурыз, 2022 NEWS
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы адами капиталдың жоғары сапасын, оның ішінде Алматының ғылыми, шығармашылық және мәдени әлеуетінің зор екенін атап өтті.
Кездесуге барлығы 40-тан астам өнер, мәдениет және ғылым қайраткерлері, соның ішінде театр және кино, эстрадалық және халық музыкасы, әдебиет, бейнелеу, монументтік және қолданбалы өнер, музейтану, сәулет және т.б. өкілдері қатысты.
Алматы әкімі кездесуге қатысушыларға Қазақстан мәдениетіне қосқан үлестері үшін алғысын білдірді, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауымның жастарды адамгершілікке тәрбиелеудегі және өнер мен әдебиет арқылы қоғамға жоғары жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңірудегі маңызды рөлі мен маңызын атап өтті.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу барысында зиялы қауым өкілдері өнер мен әдебиеттің даму деңгейі, шығармашылық шеберханаларды ұйымдастыру қажеттілігі, дәстүрлі музыканы дамыту, қала музейлерін жаңғырту және т. б. өзекті мәселелерді көтерді.
Ерболат Досаев Алматы еліміздің мәдени және ғылыми орталығы болып табылатынын, сондай-ақ шығармашылық жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге және жалпы өнер мен мәдениетті дамытуға көңіл бөлуге дайын екенін айтты.
Қала әкімі шығармашылық интеллигенция өкілдеріне олардың идеялары үшін алғысын білдірді, сондай-ақ атқарылған жұмыстардың нәтижелері және ұтымды пікірлермен алмасу үшін осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізуді ұсынды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір